2023 ж. 10 ақпанда Алматы қ. ҚДБ ШЖҚ “Жоғары медициналық колледжі” КМК-да Халықаралық стоматологтар күніне арналған “Мамандығым – мақтанышым” атты іс-шара өтті.
Іс-шараға шығармашылық нөмірлер дайындаған “Д 22-08”, “Д 22-014” және “Д 21-09” топтарының студенттері мен оқытушылары қатысты.
Концерт аясында № 4 ЦӘК “Стоматология” мамандығының арнайы пәндер оқытушысы, стоматолог-терапевт Султан Елнура Елдосқызымен кездесу өтті. Колледж кітапханашылары “Оқуға құштар колледж” атты кітап көрмесін ұйымдастырып, қазақстандық стоматолог-ғалымдардың еңбектерін ұсынды.
