kkru
info@vmkalmaty.kz +7 (727) 387-10-11

Мамандарды оқыту (жергілікті бюджет)

Колледж ОӘО оқу-әдістемелік кеңесі бекітетін жұмыс оқу бағдарламалары бойынша жергілікті бюджет есебінен қосымша және бейресми білім беру жүргізу үшін отандық мамандармен азаматтық – құқықтық сипаттағы шарттар (бұдан әрі — МЖӘ шарттары) жасасуға құқылы.

Оқытушыларды МЖӘ шарттары шеңберінде оқытуды өткізуге шақыру сайтта орналастырылған https://medcollege.kz/ru/2022/11/02/konkurs/ 

Азаматтық-құқықтық сипаттағы шартын жасасу үшін оқытушыларды іріктеу «Денсаулық сақтау саласындағы мамандарға қосымша және бейресми білім беру қағидаларын, Денсаулық сақтау саласындағы қосымша және бейресми білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-303/2020 бұйрығымен айқындалған біліктілік талаптарына сәйкестік негізінде, сондай-ақ оқыту нәтижелерін тану қағидаларын, қосымша және бейресми білім беру арқылы денсаулық сақтау мамандары алған.

Отандық мамандарды тарта отырып, оқытудың 72 тақырыптан тұратын күнтізбелік-тақырыптық жоспары медициналық ұйымдардың өтінімдері, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Жол карталары, Алматы қ. ҚДБ іс-шаралар жоспарлары негізінде жасалады.

Отандық мамандарды тарта отырып, күнтізбелік-тақырыптық жоспар, тақырыптар мен көрсетілген оқу сағаттары бойынша отандық оқытушылар мен жеткізушілердің тізілімі, жергілікті бюджет есебінен медициналық ұйымдар және барлық бағыттар бойынша оқыту тақырыптары бойынша оқытылған тыңдаушылар саны (2022 ж )