kkru
info@vmkalmaty.kz +7 (727) 387-10-11

05.12.-10.12.2022 жыл аралығында өткен біліктілікті арттыру курстары

Алматы қ. ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжі» КМК-ның Оқу-әдістемелік орталығында білімін жетілдіру үшін Алматы қаласы ҚДБ-ң дәрігерлері мен орта медицина қызметкерлеріне циклдер және семинар-тренингтер өткізілді. Циклдер мен семинар-тренингтер офлайн режимде 2022 жылдың 05 желтоқсаннан 10 желтоқсанға дейінгі аралықта жергілікті бюджет есебінде келесі тақырыптар бойынша өтті:

  • «Қабылдау бөлімшесінің жұмысын ұйымдастырудағы Triage-жүйесі» (оқытушы жоғарғы санатты дәрігер Ледовских Роман Григорьевич),
  • БМСК-дағы созылмалы жұқпалы емес ауруларды басқару бағдарламасын үйлестіру (оқытушы медицина ғылымдарының кандидаты Камалова Баян Бижановна),
  • БМСК-дағы созылмалы жұқпалы емес ауруларды басқару бағдарламасын үйлестіру (оқытушы медицина ғылымдарының кандидаты Ужегова Елена Борисовна),
  • БМСК-дағы созылмалы жұқпалы емес ауруларды басқару бағдарламасын үйлестіру (оқытушы медицина ғылымдарының кандидаты Хайбуллина Гарифа Муратовна),
  • «Постковидті синдромы бар балаларды амбулаториялық оңалту» (оқытушы медицина ғылымдарының кандидаты Ажахметова Мира Зекеновна),
  • «Ана сүтімен қоректендіру бойынша кеңес және неонаталды күтім (негізгі)» (оқытушы медицина ғылымдарының докторы Сейсебаева Роза Жакановна),
  • «Бала жасындағы ауруларды ықпалдастыра бақылап қарау» (оқытушы денсаулық сақтау магистры Рахметилдаева Гаухар Мамбеткуловна),
  • «Мейіргерлік қызметтерді дамытудағы сервиз-дизайн тәсілі» (оқытушы мейіргер ісі магистры Коргасбекова Жансая Рахметоллаевна),
  • «Туберкулезге қарсы күрестегі бастапқы медициналық-санитарлық көмек мейіргерінің жұмысы» (оқытушы медицина ғылымдарының кандидаты Еркенова Гульмира Салимовна).