Алматы қ. ҚДБ ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжі» КМК-ның Оқу-әдістемелік орталығында білімін жетілдіру үшін Алматы қаласы ҚДБ-ң дәрігерлері мен орта медицина қызметкерлеріне циклдер және семинар-тренингтер өткізілді. Циклдер мен семинар-тренингтер офлайн режимде 2022 жылдың 28 қарашадан 03 желтоқсанға дейінгі аралықта жергілікті бюджет есебінде келесі тақырыптар бойынша өтті:
- «Ауруханаға дейінгі кезеңдегі жұмысты ұйымдастыру Triage-жүйесі» (оқытушы денсаулық сақтау магистры Джангазиев Шынгыс Бауыржанович);
- «Қабылдау бөлімшесінің жұмысын ұйымдастырудағы Triage-жүйесі» (оқытушы жоғарғы санатты дәрігер Ледовских Роман Григорьевич);
- «Жүкті әйелдер және ерте жастағы балалар патронаждық қызметінің универсалды-прогрессивті моделі (кеңейтілген деңгей)» (оқытушы медицина ғылымының кандидаты Каримханова Акбота Токтаргазиевна);
- «Жүкті әйелдер және ерте жастағы балалар патронаждық қызметінің универсалды-прогрессивті моделі (кеңейтілген деңгей)» (оқытушы денсаулық сақтау магистрі Гумарова Гульбану Гайнеденовна);
- «Медициналық жедел жәрдем қызметінің бригадаларына арналған акушериядағы шұғыл жағдайлар» (оқытушы медицина ғылымдарының кандидаты Альмухамбетов Мурат Кадырович);
- «Неонатологиядағы мейіргерлік құзыреттіліктері» (оқытушы медицина ғылымдарының докторы Божбанбаева Нишанкуль Сейтбековна);
- «Қан айналымы жүйесінің аурулары. Жіті коронарлы синдром» (оқытушы медицина ғылымдарының докторы Бедельбаева Гульнар Габудалиевна);
- «Қан айналымы жүйесінің аурулары. Жіті коронарлы синдром» (оқытушы медицина ғылымдарының кандидаты Камалова Баян Бижановна);
- «Туберкулезге қарсы күрестегі бастапқы медициналық-санитарлық көмек мейіргерінің жұмысы» (оқытушы медицина ғылымдарының кандидаты Еркенова Гульмира Салимовна);
- «Постковидті синдромы бар балаларды амбулаториялық оңалту» (оқытушы медицина ғылымдарының кандидаты Ажахметова Мира Зекеновна).