kkru
info@vmkalmaty.kz +7 (727) 387-10-11

Мақатаев оқулары

Алматы қ. ҚДБ ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжі» КМК 21-09 «Дантист» тобының студенті Садықова Тахмина «Мұқағали әлемі» білім беру порталы ұйымдастырған Республикалық Мақатаев оқуларына қатысты.

Мақатаев оқуларының мақсаты: жас ұрпақтың поэзияға деген қызығушылығын ояту, М. Мақатаевтың шығармалары арқылы қазақ әдебиетін дәріптеу.

Байқау ережелеріне сәйкес қатысушы М. Мақатаевтың өлеңін оқып бейнеролик жібереді. Байқауға республикамыздың түкпір-түкпірінен келген үздік оқырмандар қатысып, Абай және Мұхтар Әуезов сияқты қазақ әдебиетінің тіректерімен қатар қойылған ақынның шығармаларын мәнерлеп оқуда бақ сынасты.

Байқау қорытындысы бойынша Садықова Тахмина 1 дәрежелі дипломмен марапатталды, анатомия және физиология пәнінің оқытушысы Гулайым Кожанепесовна Эштаева жеңімпаз тәрбиелеп, белсенділік танытқаны үшін Алғыс хатпен марапатталды.

Колледж әкімшілігі Садықова Тахминаны 1 дәрежелі дипломмен құттықтайды! Байқауда жеңіске жету – сіздің шығармашылық қабілеттеріңіз бен харизмаңыздың жарқын көрінісі! Сізге оқуда сәттілік және жаңа жеңістер тілейміз!