Алматы қ. ҚДБ ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжі» КМК-ның Оқу-әдістемелік орталығында білімін жетілдіру үшін Алматы қаласы ҚДБ-ң дәрігерлері мен орта медицина қызметкерлеріне циклдер және семинар-тренингтер өткізілді. Цикл мен семинар-тренингтер офлайн режимде 2022 жылдың 10 қазанынан 15 қазанға дейінгі аралықта жергілікті бюджет есебінде келесі тақырыптар бойынша өтті:
- «Бала жасындағы ауруларды ықпалдастыра бақылап қарау» (оқытушы денсаулық сақтау магистры Рахметилдаева Гаухар Мамбеткуловна),
- «Спецификалық және спецификалық емес туберкулезді алдын алу. Манту 2 ТЕ мен туберкулезді рекомбинантты аллергенді (ТРА) тері ішігіне егу жасау техникасы, көрсеткіштері және қарсы көрсеткіштері» (оқытушы медицина ғылымдарының кандидаты Еркенова Гульмира Салимовна),
- «Катаральды-тыныс алу синдромы (КТС). БМСК деңгейіндегі диагностика» (оқытушы медицина ғылымдарының докторы Доскожаева Сауле Темирболатовна),
- «Медициналық қалдықтарды өңдеу және оларды жою» (оқытушы медицина ғылымдарының докторы, PHD Капанова Гульнара Жамбаевна)