kkru
info@vmkalmaty.kz +7 (727) 387-10-11

Шетелдік және отандық білім беру қызметтерін жеткізушілерді іріктеу және тарту жөніндегі комиссия

Алматы қ. ҚДБ ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжі» КМК Оқу-әдістемелік орталығы жанынан Шетелдік және отандық білім беру қызметтерін жеткізушілерді іріктеу және тарту, қызметкерлерді жергілікті бюджет есебінен оқуға жіберу жөніндегі Комиссия құрылды.

Комиссия құрамы мен ережесі Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының 09.09.2022 ж. №253 бұйрығымен бекітілген.

Комиссияның жұмыс органы Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжі» КМК құрылымдық бөлімшесі-оқу-әдістемелік орталығы болып табылады

Комиссия келесі міндеттерді орындайды:

  1. Алматы қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы ағымдағы жылға денсаулық сақтау ұйымдары қызметкерлерінің біліктілігін арттырудың күнтізбелік тақырыптық жоспарын бекітеді және өзгерістер енгізеді;
  2. Оқыту бағдарламасына және білім беру қызметтерін көрсету ақысының мөлшеріне сәйкес шетелдік білім беру қызметтерін жеткізушілерді іріктейді және тартады;
  3. Оқу бағдарламасына және білім беру қызметтерін көрсету төлем мөлшеріне сәйкес отандық білім беру қызметтерін жеткізушілерді іріктейді және тартады;
  4. Шетелге біліктілігін арттыруға жіберу үшін Алматы қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына ведомстволық бағынысты мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарының қызметкерлерін айқындайды;
  5. Қызмет көрсетудің үлгілік шартын бекітеді;
  6. Білім беру қызметтерін берушінің бастамасы бойынша жасалған білім беру қызметтерін көрсету шарттары бойынша ақы төлеу тәртібі мен талаптарын қарайды және айқындайды.

2022 жылға арналған жергілікті бюджет қаражаты есебінен Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы Денсаулық сақтау ұйымдары қызметкерлерінің біліктілігін арттырудың күнтізбелік-тақырыптық жоспарыі

2022 жылы Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының келесі бұйрықтары қолданыста болды және күші жойылды:

Өткізілген шеберлік сыныптары мен семинар-тренингтер

«Медициналық көмекке байланысты инфекциялар. Инфекциялық бақылау және медициналық персоналдың қауіпсіздігі» (06.12 — 10.12.2022)

«Аутизммен ауыратын балаларды диагностикалау, бақылау, психоәлеуметтік оңалту» (22.11-02.12.2022)

«Анестезиология және қарқынды терапия: сепсис диагностикасы мен емдеудің озық әдістері» (14.11 — 18.11.2022)

«Пренатальды ультрадыбыстық диагностика» (01.11 — 05.11.2022)

«Оперативті акушерлік және гинекология. Критикалық жағдайлар» (31.10 — 04.11.2022)

«Сертификатталған халықаралық алғашқы медициналық көмек нұсқаушыларын дайындау» (24.10 — 28.10.2022)

«Балалардағы COVID-19 кезінде Анестезиология, реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінің жұмысын ұйымдастыру. Балалардағы COVID-19 реанимациясының ерекшеліктері» (17.10-21.10.2022)

«Урология және онкоурологиядағы заманауи тәсілдері» (01.05-06.05.2022)