kkru
info@vmkalmaty.kz +7 (727) 387-10-11

04.07.-12.07.2022 жыл аралығында өткен біліктілікті арттыру курстары

Алматы қ. ҚДБ ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжі» КМК-ның Оқу-әдістемелік орталығында білімін жетілдіру үшін Алматы қаласы ҚДБ-ң дәрігерлері мен орта медицина қызметкерлеріне циклдер өткізілді. Циклдер офлайн режимде 2022 жылдың 04 шілдесінен 12 шілдеге дейінгі аралықта жергілікті бюджет есебінде келесі тақырыптар бойынша өтті:

  • «ЖКС, ЖИА және жұқпалы емес аурулардағы мейіргерлік тәжірибе» (оқытушы медицина ғылымдарының кандидаты, доцент Ужегова Елена Борисовна),
  • «Балалардағы аутизм белгілерін анықтау сұрақтары. Диагностикалық скрининг» (оқытушы медицина ғылымының докторы Садуакасова Корлан Зарлыковна),
  • «Жасөспірімдердің психикалық денсаулығының бұзылуының алдын алу: себептері, психикалық гигиена және психологиялық көмек көрсету әдістері» (оқытушы денсаулық сақтау магистры Сатыбалдина Майра Бирляновна),
  • Жіті қан жоғалтудың, оның ішінде акушерлік тәжірибедегі қарқынды терапиясы (оқытушы медицина ғылымдарының кандидаты Чурсин Вадим Владимирович,
  • «Мейіргер ісіндегі көшбасшылық» (оқытушы мейіргер ісінің бакалавры Пасько Галина Ивановна),
  • «Медициналық жедел жәрдем қызметі дәрігерінің жұмысындағы клиникалық хаттамалар» (оқытушы медицина ғылымдарының кандидаты, доцент Альмухамбетова Эльмира Фаритовна),
  • «Медициналық  жедел жәрдем қызметінің бригадаларына арналған акушериядағы шұғыл жағдайлар» (оқытушы медицина ғылымдарының кандидаты Альмухамбетов Мурат Кадырович).