kkru
info@vmkalmaty.kz +7 (727) 387-10-11

06.06.-14.06.2022 жыл аралығында өткен біліктілікті арттыру курстары

Алматы қ. ҚДБ ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжі» КМК-ның Оқу-әдістемелік орталығында білімін жетілдіру үшін Алматы қаласы ҚДБ-ң дәрігерлері мен орта медицина қызметкерлеріне циклдер өтікізілді. Циклдер офлайн режимде 2022 жылдың 06 маусымынан 14 маусымға дейінгі аралықта жергілікті бюджет есебінде келесі тақырыптар бойынша өтті:

  • «Медициналық  жедел жәрдем қызметінің бригадаларына арналған акушериядағы шұғыл жағдайлар» (оқытушы медицина ғылымдарының кандидаты Альмухамбетов Мурат Кадырович),
  • «Медициналық жедел жәрдем қызметі дәрігерінің жұмысындағы клиникалық хаттамалар» (оқытушы медицина ғылымдарының кандидаты, доцент Альмухамбетова Эльмира Фаритовна),
  • «БМСК жағдайында балалардың тыныс алу мүшелері ауруларының үйдегі мейіргерлік күтімді ұйымдастыру» (оқытушы медицина ғылымдарының кандидаты Умешева Кумискуль Абдуллаевна,
  • «Тыныс алу мүшелерінің туберкулезі. Диагностика, емдеу, алдын-алу» (оқытушы денсаулық сақтау магистры Малбасканов Абзал Дуйсенбекович),
  • «Медициналық ұйымдардағы қақтығыстарды басқару» (оқытушы денсаулық сақтау магистры Цой Марина Вячеславовна),
  • «Мейіргерлік аудит. Мейіргерлік көмектің сапасын бағалау» (оқытушы мейіргер ісінің бакалавры Абабкова Майя Александровна),
  • «Балалардағы ЭКГ. Қалыпты жағдайдағы және патологиядағы ерекшеліктер» (оқытушы медицина ғылымдарының кандидаты Давлетгильдеева Зухра Галибовна),
  • «Нәтижелі перинаталды күтім» (оқытушылар акушер-гинеколог PHD-і Алтынбаева Гульмира Бекназаровна және акушер-гинеколог, Медицина магистры Султанай Кербез Сұлтанайқызы),
  • «Жұқпалы емес созылмалы ауруларды басқару бағдарламасы. Клиникалық хаттама: Артериялық гипертензия, СЖЖ» (оқытушы медицина ғылымдарының кандидаты Камалова Баян Бижановна),
  • «Бала жасындағы ауруларды ықпалдастыра бақылап қарау» (оқытушы денсаулық сақтау магистры Рахметилдаева Гаухар Мамбеткуловна).