Алматы қ. ҚДБ ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжі» КМК-ның Оқу-әдістемелік орталығында білімін жетілдіру үшін Алматы қаласы ҚДБ-ң дәрігерлері мен орта медицина қызметкерлеріне циклдер мен семинар-тренинг өтікізілді. Циклдер офлайн режимде 2022 жылдың 23 мамырынан 28 мамырға дейінгі аралықта жергілікті бюджет есебінде келесі тақырыптар бойынша өтті:
- «Туберкулезге қарсы күрестегі БМСК мейіргерінің жұмысы» (оқытушы медицина ғылымдарының кандидаты Еркенова Гульмира Салимовна),
- «Балалардағы көмейдің стенозы кезіндегі мейіргерлік күтім» (оқытушы медицина ғылымының кандидаты Тогузбаева Динара Еркеновна),
- «Медициналық ұйымдардағы қақтығыстарды басқару» (оқытушы денсаулық сақтау магистры Цой Марина Вячеславовна),
- «Мейіргерлік тәжірибедегі балалар мен жасөспірімдердің денсаулық сақтау технологиялары» (оқытушы медицина ғылымының кандидаты Каримханова Акбота Токтаргазиевна),
- «Заманауи медициналық оңалтудағы қызмет етудің халықаралық классификациясы (ҚЕХК)» (оқытушы медицина ғылымдарының кандидаты Андасова Жанар Мурзакалиевна),
- «Жасөспірімдердің психикалық денсаулығының бұзылуының алдын алу: себептері, психикалық гигиена және психологиялық көмек көрсету әдістері» (оқытушы денсаулық сақтау магистры Сатыбалдина Майра Бирляновна),
- «Клиникалық және өндірістік трансфузиологиядағы мейіргер жұмысы» (оқытушы жоғарғы санатты дәрігер Каражигитова Зауреш Булатовна),
- «Ұсыныстан клиникалық тәжірибеге дейін- синкопальдық жағдай» (оқытушы медицина ғылымдарының докторы Бедельбаева Гульнар Габдуалиевна),
- «Неотложные состояния в акушерстве для бригад ССМП» (кандидат медицинских наук Альмухамбетов Мурат Кадырович),
- «Клинические протоколы в работе врача ССМП» (преподаватель кандидат медицинских наук, доцент Альмухамбетова Эльмира Фаритовна),
- «Медициналық жедел жәрдем қызметінің бригадаларына арналған акушериядағы шұғыл жағдайлар» (оқытушы медицина ғылымдарының кандидаты Альмухамбетов Мурат Кадырович),
- «Медициналық жедел жәрдем қызметі дәрігерінің жұмысындағы клиникалық хаттамалар» (оқытушы медицина ғылымдарының кандидаты, доцент Альмухамбетова Эльмира Фаритовна),
- «Хирургиялық тәжірибедегі мейіргерлік құзіреттіліктері» (оқытушы медицина ғылымдарының кандидаты Даукенова Карлыгаш Абдыкалыковна),
- «Неонатологиядағы мейіргерлік құзыреттіліктері» (оқытушы медицина ғылымдарының докторы Жубанышева Карлыгаш Биржановна),
- «Жүктілік және босанғаннан кейінгі ерте кезеңдегі қауіпті белгілер» (оқытушы «Медицина» мамандығының магистры Баймусанова Гульдана Нурбековна),
- «Жүрек-қантамыр аурулары бар науқастарды жүргізу: скрининг, біріншілік екіншілік профилактика, оңалту» (оқытушы медицина ғылымдарының кандидаты Нурмаханова Жанна Махмутовна).