Алматы қ. ҚДБ ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжі» КМК-ның Оқу-әдістемелік орталығында білімін жетілдіру үшін Алматы қаласы ҚДБ-ң дәрігерлері мен орта медицина қызметкерлеріне циклдер және семинар-тренинг өтікізілді. Циклдер офлайн режимде 2022 жылдың 03 мамырынан 19 мамырға дейінгі аралықта жергілікті бюджет есебінде келесі тақырыптар бойынша өтті:
- «Бала жасындағы ауруларды ықпалдастыра бақылап қарау» (оқытушы магистр, симуляциялық оқыту бойынша бас маман, жаттықтырушы Гумарова Гульбану Гайнеденовна),
- «ЖМҚБ-мен ауырғаннан кейін науқастарды жүргізу және оңалту» (оқытушы медицина ғылымдарының кандидаты, доцент Ужегова Елена Борисовна),
- «Тыныс алу мүшелерінің туберкулезі. Диагностика, емдеу, алдын-алу» (оқытушы медицина ғылымдарының кандидаты Малбасканов Абзал Дуйсенбекович),
- «Жасөспірімдердің психикалық денсаулығының бұзылуының алдын алу: себептері, психикалық гигиена және психологиялық көмек көрсету әдістері» (оқытушы денсаулық сақтау магистры Сатыбалдина Майра Бирляновна),
- «Балаларға шұғыл медициналық жәрдем көрсету, сұрыптау-қалта анықтамасы ДДҰ/БҰҰБҚ» (оқытушы ОӘО-ң Ана мен баланы қорғау бөлімінің меңгерушісі, денсаулық сақтау магистры Манкеева Гульяра Яслижановна),
- «Медициналық ұйымдардағы қақтығыстарды басқару» (оқытушы денсаулық сақтау магистры Цой Марина Вячеславовна),
- «БМСК жағдайында балалардың тыныс алу мүшелері ауруларының үйдегі мейіргерлік күтімді ұйымдастыру» (оқытушы медицина ғылымдарының докторы Умешева Кумискуль Абдуллаевна),
- «Медициналық жедел жәрдем қызметінің бригадаларына арналған акушериядағы шұғыл жағдайлар» (оқытушы медицина ғылымдарының кандидаты Альмухамбетов Мурат Кадырович),
- «Медициналық жедел жәрдем қызметі дәрігерінің жұмысындағы клиникалық хаттамалар» (оқытушы медицина ғылымдарының кандидаты, доцент Альмухамбетова Эльмира Фаритовна),
- «Қан қызметіндегі зертханалық зерттеулер» (оқытушы жоғарғы санатты дәрігер Каражигитова Зауреш Булатовна),
- «Клиникалық қауіпсіздік. Инфекцияны бақылау. Медициналық ұйымдағы қауіп қатерді бағалау» (оқытушы медицина ғылымдарының докторы, профессор Дмитровский Андрей Михайлович),
- «Нәтижелі перинаталды күтім» ((оқытушылар акушер-гинеколог PHD-і Алтынбаева Гульмира Бекназаровна және акушер-гинеколог, Медицина магистрі Султанай Кербез Сұлтанайқызы).