kkru
info@vmkalmaty.kz +7 (727) 387-10-11

14.03.-30.03.22 ж. аралығында өткен біліктілікті арттыру курстары

Алматы қ. ҚДБ ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжі» КМК-ның Оқу-әдістемелік орталығында білімін жетілдіру үшін Алматы қаласы ҚДБ-ң дәрігерлері мен орта медицина қызметкерлеріне циклдер өтікізілді. Циклдер офлайн режимде 2022 жылдың 14 наурызынан 30 наурызына дейінгі аралықта жергілікті бюджет есебінде келесі тақырыптар бойынша өтті:

  • «Жүктілік және босанғаннан кейінгі ерте кезеңдегі қауіпті белгілер» (оқытушы «Медицина» маманандығының магистры Баймусанова Гульдана Нурбековна)
  • «Тыныс алу мүшелерінің туберкулезі. Диагностика, емдеу, алдын-алу» (оқытушы медицина ғылымдарының магистры Малбасканов Абзал Дуйсенбекович)
  • «Коронавирустық инфекция: клиника ерекшеліктері, емдеу және үйдегі пациенттерді күту» (оқытушы жоғарғы санатты дәрігер Шагманова Сауле Кажигалиевна)
  • «БМСК мейіргері тәжірибесіндегі емхана жағдайында бір жасқа дейінгі балаларға диспансерлік бақылау» (оқытушы медицина ғылымының кандидаты Каримханова Акбота Токтаргазиевна)
  • «Денсаулық сақтау жүйесіндегі коммуникативтік дағдылар»  (оқытушы әлеуметтік ғылымдар магистры Мадалиева Санам Хакимовна)
  • «Бала жасындағы ауруларды ықпалдастыра бақылап қарау» (оқытушы «Медицина» мамандығының магистры Рахметилдаева Гаухар Мамбеткуловна).