2025 жылғы 4 маусымда Алматы қаласы ҚДСБ ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжінде» КМК-да балаларды қорғау күніне арналған іс-шара өткізілді. Қонақтар ретінде колледж қызметкерлерінің балалары шақырылды. Дәл осы бүлдіршіндер үшін әкімшілік, оқытушылар құрамы және студенттерден құралған ұйымдастырушылар тобы ойын-сауық бағдарламасын дайындады. Іс-шара кәсіподақ комитеті – «AQNIET» қолдауымен өтті.
Мерекеге аниматорлар шақырылып, балалар ойындар ойнап, би биледі, сурет салып, аквагриммен безендірілді. Мереке соңында барлық балаларға естелік дипломдар, сыйлықтар мен тәттілер табысталды.
Балалар мерекесін ұйымдастырушыларға шын жүректен алғыс айтамыз! Сіздер балаларымызға қуаныш пен керемет көңіл-күй сыйладыңыздар.