kkruen
info@vmkalmaty.kz +7 (727) 387-10-11

Ашық есік күні

23.05.2025 ж. Алматы қ. ҚДСБ ШЖҚ “Жоғары медициналық колледжі” КМК-да жалпы білім беретін мектептердің 9 және 11 сынып оқушылары үшін Ашық есік күні өткізілді!

Қонақтарымызға Колледждің білім беру бағдарламалары ұсынылды, сонымен қатар:
— арнайы және клиникалық пәндерге арналған кабинеттер;
— болашақ орта буын медицина қызметкерлерінің практикалық дағдыларын имитациялық оқытуға және машықтандыруға арналған барлық қажетті оқу-әдістемелік құрал-жабдықтармен, фантомдармен, муляждармен, тренажерлармен және басқа да техникалық құралдармен жабдықталған Симуляциялық технологиялар және кәсіби құзыреттер орталығы.

Құрметті мектеп түлектері, біз сіздерді 40 жылдан астам тарихы мен дәстүрі бар оқу орнымыз – колледж қабырғасында күтеміз!

Қабылдауға қатысты сұрақтар бойынша колледждің ғылыми-әдістемелік бөліміне +7 (727) 387-37-30 телефоны арқылы хабарласуға немесе Instagram желісінде хабарлама қалдыруға болады. Қабылдау комиссиясы өз жұмысын 25 маусымнан кейін бастайды.