2025 жылғы 20 мамырда Алматы қ. ҚДСБ ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжі» КМК-да «Sanaly Urpaq» студенттік сыбайлас жемқорлыққа қарсы клуб мүшелерінің есептік кездесуі өткізілді.
«SANALY Urpaq» клубының 2024-2025 оқу жылындағы қызметі аясында тәрбие және әлеуметтік жұмыс бөлімінің, сондай-ақ Колледж оқытушыларының жетекшілігімен студенттердің қатысуымен 20-дан астам іс-шара өткізілді: сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптағы плакаттар, эсселер мен бейнероликтер байқаулары; кураторлық сағаттар; TEDx форматындағы кездесулер және флешмобтар; ҰОС және Ауғанстан ардагерлерімен кездесулер, сондай-ақ Таулы-Қарабақ қақтығысының жауынгерлік іс-қимылдарының ардагерлерімен кездесу; дебаттар.
Колледж әкімшілігі студенттерімізге «Sanaly Urpaq» клубының қызметіне белсенді қатысқаны және сыбайлас жемқорлық танытудан бос білім беру ортасын қалыптастыруға қатысқаны үшін алғыс білдіреді.