08.05.2025 ж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында Алматы қ. ҚДСБ ШЖҚ “Жоғары медициналық колледжі” КМК студенттері мен қызметкерлері жақын маңдағы аумақты жинау бойынша жалпықалалық сенбілікке қатысты. Іс — шара “Таза Қазақстан” республикалық бағдарламасы және “Алматы — біздің ортақ үйіміз” қалалық экологиялық науқаны аясында өткізілді.
Мақсаты: табиғатқа саналы және ұқыпты қарауды қалыптастыру арқылы экологиялық мәдениетке тәрбиелеу.
“Алматы — біздің ортақ үйіміз” акциясы қаланың барлық аумағында өтіп, саябақтар, скверлер мен аула аумақтарын қамтиды. Қала тұрғындары, еріктілер, құқық қорғау органдарының өкілдері, қоғам қайраткерлері мен блогерлер қаланы таза ету және ҰОС батырларының ерліктеріне құрмет көрсету үшін жиналады.
Колледж қызметкерлері мен студенттері туған қаланың тазалығын сақтауға өз үлестерін қосты, атап айтқанда қоқыс жинау, аула аумақтарын және арық желісін тазарту жұмыстарын жүргізді.
“Біз қоқысты тазалап қана қоймаймыз — әсіресе жас ұрпаққа үлгі көрсетеміз. Бұл біздің қаламыз және қала таза болуы керек”, — деп тәрбие және әлеуметтік жұмыс бөлімінің басшысы Ш.Е. Каштаева қорытындылады.