2025 жылғы 24 ақпанда Алматы қ. ҚДСБ ШЖҚ “Жоғары медициналық колледжі” КМК-да 1 курс студенттеріне “Өмір үшін” және “Ерте жүктіліктің алдын алу” атты тренинг, көрме өткізілді.
Мақсаты: студенттердің жыныстық тәрбие және репродуктивті денсаулық мәселелері бойынша хабардарлығын арттыру.
Шақырылған мамандар:
— Ермек Раев – “Мост — Казахстан” қоғамдық қорының жетекшісі;
— Татьяна Бубнова – “Ынтымақ” қоғамдық бірлестігінің өкілі.
Мұндай кездесулерде талқыланған алдын алу шаралары студенттердің денсаулығына жауапты мінез-құлқын қалыптастыруға көмектеседі. Ерте жасөспірімдік жүктілік жасөспірім аналар мен олардың сәбилерінің денсаулығына елеулі әсер етеді. Жүктілік пен босанудың асқынуы дүние жүзінде 15-19 жас аралығындағы қыздар арасындағы өлімнің басты себебі болып табылады. 20 жасқа толмаған аналардан туған нәрестелер салмағының төмендігі, шала туылу және ауыр неонатальды аурулардың қаупі жоғары.