kkru
info@vmkalmaty.kz +7 (727) 387-10-11

«Қоғамдық мүлікті қорға» тақырыбында плакаттар конкурсы

2025 ж. 17 ақпан күні Алматы қ. ҚДСБ ШЖҚ «Жоғары медициналық колледж» КМК-да білім алушылар арасында «Қоғамдық мүлікті қорға» тақырыбында плакаттар конкурсы өткізілді.

Мақсаты: білім алушылардың қоғамдық меншікке жауапкершілікпен қарауын қалыптастыру, вандализмнің алдын алу және қоғамдық орындардың тазалығын қамтамасыз ететін адамдардың еңбегіне құрметпен қарауға тәрбиелеу.

Вандализм мәселесі – адамның саналы немесе бейсаналық себептерге сүйене отырып, мүлік иесіне материалдық зиян келтіруі арқылы көрінетін деструктивті мінез-құлқының бір түрі.

Плакаттар байқауы барысында білім алушылар өздерінің шығармашылық қабілеттерін көрсетіп, қоғамдық мүлікті қорғауға өз көзқарастарын білдірді. Қазылар алқасы байқауға ұсынылған жұмыстарды бағалап, ең үздік плакаттарды анықтады:

I орын — «Емдеу ісі» бөлімшесінің «ЕІ 24-5» тобы;
II орын — «Емдеу ісі» бөлімшесінің «ЛД 24-2» тобы;
III орын — «Емдеу ісі» бөлімшесінің «ЕІ 24-1» тобы.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Egemen Qazaqstan» газетінің редакциясына берген сұхбатынан: «Заңсыздық, тәртіпсіздік, мәдениетсіздік елді тұңғиыққа апарады. Мұндай жағымсыз құбылыстарға біз бүкіл қоғаммен бетпе-бет келуіміз керек. Тәртіп бар қоғам өркениетті болады — бұл аксиома. Егер әрбір азамат елдің заңдарын құрметтесе, бірлік пен амандық болады».