kkru
info@vmkalmaty.kz +7 (727) 387-10-11

«Қоғамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру жолдары» тақырыбындағы дөңгелек үстелі

29.01.2025 ж. Алматы қ. ҚДСБ ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжі» КМК студенттері «Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті» КЕАҚ ұйымдастырған «Қоғамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру жолдары» тақырыбындағы дөңгелек үстелге қатысты.

Мақсаты: оқу орындарының өкілдері арасында ашық диалог пен пікір алмасу үшін алаң құру; сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың маңызды аспектілерін талқылау.

Дөңгелек үстел жұмысына: «Тұран» университеті, «Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті» КЕАҚ, «Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті» КЕАҚ және Алматы қ. ҚДСБ ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжі» КМК студенттері қатысты.

Іс-шара барысында студенттер баяндамалар жасады, пікірталастарға қатысты, сондай-ақ шақырылған мамандармен бірге: Нургисаев Серикбай Урикбаевич — «Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті» КЕАҚ ректорының кеңесшісі және Бегемов Ильяс Пернебекович — «Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті» КЕАҚ комплаенс-бақылау қызметінің бас маманы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша практикалық ұсынымдар әзірлеу бойынша жұмысқа қатысты.

Соңында, ұйымдастырушылар атынан дөңгелек үстелдің барлық белсенді қатысушылары алғыс хаттармен марапатталды, біздің Колледж студенттері арасынан – Абдували Али, Сағыныш Асылназ, Серік Бота, Серік Дарина марапатталды.