05.12.2024 ж. Медеу ауданының прокуратурасымен бірлескен жұмыс аясында Алматы қ. ҚДСБ ШЖҚ “Жоғары медициналық колледжі” КМК-да 1-4 курс студенттері үшін қазақстандық кинорежиссер Р. Балгабаевтың “Бетбелгі” деректі фильмі көрсетілді.
Мақсаты: студенттердің құқықтық сауаттылығын арттыру, атап айтқанда есірткіні таратудың құқықтық аспектілерін түсіндіру; есірткі заттарының айналымы бойынша заңсыз әрекеттердің алдын алу.
Фильмде есірткі таратқан тұтқындардың нақты оқиғалары, атап айтқанда оларды арнайы белгіленген жерлерде қалдырған, яғни “бетбелгі” жасаған.
Деректі фильмнің сотталған кейіпкерлерінің барлығы өздерінің тез және оңай табыс табу тарихын айтып, жасаған қылмысы үшін жаза дәрежесі туралы ешқандай түсінік болмағанын айтады. Алайда, Қазақстан Республикасының заңдарын білмеу жауапкершіліктен босатпайды. Заңды бұзған кез-келген адам, оның барлық қатаңдығымен жауап береді. Қазақстанда есірткі сатқаны үшін 10 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.