kkru
info@vmkalmaty.kz +7 (727) 387-10-11

«Мемлекет және жастар: пластикалық қалдықтар мәселесін шешу жолдары» тақырыбында дөңгелек үстелі

2024 жылдың 4 қарашасында Алматы қ. ҚДСБ ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжі» КМК-да 1-курс студенттеріне арналған «Мемлекет және жастар: пластикалық қалдықтар мәселесін шешу жолдары» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Іс-шара ЦМК №1 «Жалпы гуманитарлық пәндер» пәні оқытушысы Бейсекенова Ж.С. бастамасымен студенттердің экологиялық ойлауын, адамгершілік экологиялық ұстанымын қалыптастыру мақсатында өткізілді.

Шақырылған қонақтар:
• Мэлс Хамзаұлы Елеусізов — белгілі қазақстандық қоғам қайраткері, экологиялық «Табиғат» одағының негізін қалаушы;
• Булекбаев Нұржан Жамалдинұлы — Алматы қаласы Экология департаментінің мемлекеттік экологиялық бақылау бөлімінің бас маманы;
• Мендулла Диана Асланқызы — Алматы қаласы Экология департаментінің мемлекеттік экологиялық бақылау бөлімінің бас маманы.

XXI ғасыр — тек жоғары технологиялар ғасыры ғана емес, сонымен қатар жаһандық экологиялық мәселелер ғасыры. Солардың бірі — қоршаған ортаның пластикалық қалдықтармен ластануы. Әртүрлі деректерге сәйкес, қазіргі таңда пластикалық өнімдер тұрмыстық қалдықтардың шамамен 40%-ын құрайды.

Шақырылған қонақтармен бірге колледж студенттері аталған тақырыптың өзектілігін талқылады. Колледж студенттері Мурзахметова Жұлдызай «Гиг 24-23» тобы, «Гигиена және эпидемиология» бөлімшесі, Бахитұлы Дінмұхаммед «ЕІ 24-1» тобы, «Емдеу ісі» бөлімшесі, Төлепберген Жанар және Түймебай Ақерке «Лаб 24-15» тобы, «Лабораториялық диагностика» бөлімшесі «Мемлекет және жастар: пластикалық қалдықтар мәселесін шешу жолдары» тақырыбында баяндама жасап, алғыс хаттармен марапатталды.

Колледж әкімшілігі атынан директор Молдақулов Жумахан Мукашович Алматы қаласында өтетін алдағы экологиялық акцияларға колледж қызметкерлері мен студенттерінің белсене қатысуға дайын екенін білдірді.