kkruen
info@vmkalmaty.kz +7 (727) 387-10-11

ҚР Мемлекеттік рәміздер күні

04 маусым 2024ж Алматы қ. ҚДСБ ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжі» КМК-да ҚР Мемлекеттік рәміздер күніне арналған және студенттер кеңесінің белсенділері ұйымдастырған мерекелік іс-шара өткізілді.

Мемлекеттік рәміздер – бұл кез-келген мемлекеттің өзіндік ерекшелігі мен егемендігін білдіретін ажырамас атрибуттарының бірі. Мемлекеттік ту, мемлекеттік елтаңба және мемлекеттік әнұран ҚР Мемлекеттік рәміздер болып табылады. Мемлекеттік рәміздер, бізді ел тағдырындағы ең маңызды сәттерінде — ұлттық мерекелерден бастап спорттық жеңістерге дейін, біріктіреді. Олар тәуелсіз Қазақстанның жетістіктерін бейнелейді, біздің болашаққа деген сенімімізді білдіреді.

Құрметті ізбасарлар! Колледж әкімшілігі осы мереке күні Сізге амандық, бақыт, бейбітшілік пен жақсылық тілейді! Біздің Отанымыз өркендей берсін, елдің туы жоғары көтерілсін!