kkruen
info@vmkalmaty.kz +7 (727) 387-10-11

«Туымыз-төрімізде» республикалық флэшмобы

2024 жылғы 3 маусымда Алматы қ.ҚДСБ ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжі» КМК білім алушылары ҚР Мемлекеттік рәміздер күнін мерекелеуге арналған «Туымыз-төрімізде» республикалық флэшмобына қатысты.

Тәуелсіз Қазақстанның Мемлекеттік Туы 1992 жылы ресми түрде қабылданды. Оның авторы — суретші Шәкен Ниязбеков.

Ту елдің бірлігін, әл-ауқатын, бейбітшілігін, ашық аспанды бейнелейді. Төбемізде желбіре¬ген көк байрақ әрбір қазақ¬стан¬дық¬тың бойына зор мақтаныш пен рух ұя¬латып қана қоймай, өскелең ұр¬пақ¬қа отансүйгіштік қасиет те дарытады.

Флэшмобтың мақсаты-Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәмізіне — Туға құрмет көрсету!

Ту — бұл біздің бірге болуымыздың символы.
Ту — Отанға деген құрмет белгісі.