Алматы қ. ҚДСБ ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжі» КМК әкімшілігі, оқытушылары мен студенттері ҚР Ұлттық рәміздер күнін мерекелеу аясында ұйымдастырылған ҚР Мемлекеттік Гимнін орындау бойынша Республикалық акцияға қатысты.
Ту, Елтаңба және Әнұран — ел Конституциясында бекітілген айрықша мемлекеттік белгілер. Олар мемлекеттің саяси және әлеуметтік жүйесін сипаттайды, оның мақсаттарын, ұлттық рухын білдіреді; олардың геральдикасында көшпелі халықтың тарихы мен оның рухани құндылықтары бейнеленген.
Жастар арасында мемлекеттік рәміздерді дәріптеу адамгершілік бағдарлардың ортақ жүйесін қалыптастырады, көпұлтты қоғам ортасында бірлік, бейбітшілік пен өзара түсіністік рухын нығайтады.