kkruen
info@vmkalmaty.kz +7 (727) 387-10-11

«Өзекті өртеген шындық» атты ашық тәрбие сағаты

30.05.2024 ж. Алматы қ. ҚДСБ ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжі» КМК-да 31-мамыр саяси-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне арналған «Өзекті өртеген шындық» атты ашық тәрбие сағаты өтті.

Іс-шараны Е.Е. Тәжиев, Қ.Б. Боранбаева., З.Б. Джамалдинова №1 ЦӘК оқытушылары 23-2 ЕІ, 23-16 Лаб, 23-14 МІ және 23-7 МІ топ студенттерін дайындап өткізді.

Мақсаты: Саяси қуғын сүргін құрбандары жөнінде оқиғаны студенттерге дұрыс терең түсінік беру, олардың саяси санасын ояту.  

Саяси қуғын — сүргінге ұшырағандардың арасында белгілі қоғам қайраткерлері, жазушылар мен журналистер -«Алаш» қазақ қоғамдық-саяси, ұлт-азаттық қозғалысының көшбасшылары, олардың арасында А. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, І. Жансүгіров, М. Дулатов және т.б. болды.

Іс-шараға студенттер «Алаш» қозғалысының көшбасшылары туралы презентация, театрланған қойылым, өлеңдер мен естеліктер музыкалық нөмірлер көрсетті. Колледжіміздің кітапхана қызметкері Тайшибекова А.С. «Тарихтан тағылым – өткен тағзым» атты кітап көрмемен таныстырды.