kkruen
info@vmkalmaty.kz +7 (727) 387-10-11

Ашық есік күні

2024 жылдың 24 мамырда Алматы қ. ҚДСБ ШЖҚ «Жоғары Медициналық Колледжі» КМК Ашық есік күні өтті! Шара жалпы білім беретін мектептердің оқушылары – 2024 жылғы талапкерлер үшін ұйымдастырылды.

Қонақтарымызға колледждің оқу бағдарламалары ұсынылды, сонымен қатар анатомия мұражайы, арнайы және клиникалық пәндердің оқу кабинеттері, симуляциялық технологиялар және кәсіптік құзыреттер орталығының барлық қажетті оқу-әдістемелік құрал-жабдықтармен, фантомдармен жабдықталған оқу кабинеттері, имитациялық оқытуға және болашақ орта медициналық қызметкерлердің практикалық дағдыларын дамытуға арналған муляждар, тренажерлар және басқа да техникалық құралдар көрсетілді.

Құрметті мектеп түлектері, Колледждің қабылдау комиссиясының барлық соңғы жаңалықтарынан хабардар болу үшін біздің Instagram аккаунтымызға жазылыңыз.