kkruen
info@vmkalmaty.kz +7 (727) 387-10-11

«2024 жылдың Үздік оқытушысы» байқауы

2024 жылдың 20 мамырында Алматы қ. ҚДСБ ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжі» КМК Циклдік әдістемелік комиссиялардың оқытушылары арасында «2024 жылдың Үздік оқытушысы» байқауы өтті.

Байқаудың мақсаты – дарынды, шығармашыл, өз ісін үлгі тұтатын ұстаздарды анықтау және атап өту.

Байқау үш кезеңнен тұрды:

  1. «Визиттік карта» — оқытушы портфолиосы.
  2. «Интеллектуалды викторина» — сұрақтарға жауаптар.
  3. «Мен шығармашыл оқытушымын» — қатысушының бейнеролигі.

Барлық турларда қатысушылар өздерінің кәсіби және шығармашылық қабілеттерін көрсетті! Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаз атанды:

1 орын – Алтыбаева Гүлнұр Асанқызы (№5 ЦӘК);

2 орын – Ахымбекова Жазира Байжановна (№1 ЦӘК) мен Турлибекова Умит  Болатовна (№4 ЦӘК);

3 орын – Козыбекова Айгерим Оразгалиқызы (№3 ЦӘК);

Жеңімпаздарды құттықтаймыз! Барлық қатысушыларға ынта-жігерлері, шығармашылықтары мен кәсібиліктері үшін алғыс айтамыз. Сіздер біздің Колледжді ең үздік етесіздер!