2024 жылғы 17 мамырда Алматы қ. ҚДСБ ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжі» КМК-ның басшылығы «АQNIET» кәсіподағының өкілдерімен және халықаралық денсаулық сақтау кәсіподағының өкілдерімен кездесуі өткізді.
Жұмыс сапарымен біздің оқу орнымызға Тәжібай Бақытжан Арынұлы — «АQNIET» Қазақстандық салалық кәсіподақ орталығы кеңесінің төрағасы; Даутова Алтын Юсуповна — «АQNIET» Алматы қ. филиалының төрағасы; Розица Палешникова-Шуманова — Болгария денсаулық сақтау кәсіподағының төрағасы және т.б. келді.
Қонақтар симуляциялық технологиялар және кәсіби құзыреттілік орталығымен, кітапханамен, воркаут алаңымен танысты; колледж әкімшілігімен бірлесіп білім беру және дөңгелек үстелдер, семинар-тренингтер, шеберлік сыныптарын ұйымдастыру саласындағы бірлескен ынтымақтастықты дамытуды талқылады.