2024 жылдың 5 наурызында Алматы қ. ҚДСБ ШЖҚ “Жоғары медициналық колледжі” КМК-да “Фуд зертхана” білім беру жобасына қатысушы студенттерге арналған тренинг өтті. Осы жоба аясында колледж білім алушылары мектептерге барып, бастауыш сынып оқушыларына дұрыс тамақтануға арналған арнайы сабақтар өткізеді.
Білім алушылар оқушылармен бірге интерактивті форматта өнімдердің пайдалы қасиеттерін растайтын ғылыми тәжірибелер өткізеді. Оқушыларға тәлімгер болу үшін мұқият дайындалу керек. 5 наурызда өткізілген тренинг біздің студенттеріміздің мектепке шығуға дайын екенін растады. Олар тәжірибелерді көрсетіп қана қоймай, дұрыс тамақтану ережелерін түсіндіреді. “Фуд зертхана” жобасы 14 наурызда басталады.
Жоба “Нестле Фуд Қазақстан” ЖШС қолдауымен Алматы қ. білім басқармасының “Білім берудегі жаңа технологиялардың қалалық ғылыми-әдістемелік орталығымен” бірлесіп жүргізіледі.