kkruen
info@vmkalmaty.kz +7 (727) 387-10-11

Директордың 2023 жылдың қорытындысы бойынша есебі

2024 жылғы 08 қаңтарда Алматы қ. ҚДСБ ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжі» КМК директоры Жумахан Мукашович Молдакулов ұжым алдында 2023 жылдың қорытындысы бойынша есеп берді.

Кездесуге: әкімшілік-басқару персоналы, колледж оқытушылары, сондай-ақ Алматы қ. Медеу ауданы аудандық медициналық ұйымдарының өкілі, Алматы қ. ҚДСБ ШЖҚ «№5 Қалалық клиникалық аурухана» КМК бас дәрігерінің медициналық қызметтер сапасын бақылау жөніндегі орынбасары Анар Ериковна Турсынбекова қатысты.

Есепте білім беру процесін ұйымдастыру, материалдық-техникалық, сондай-ақ колледжді ресурстық қамтамасыз ету мәселелері қаралды. 2023 жылға арналған стратегиялық даму жоспарды іс-шараларын іске асыру шеңберінде Колледж мынадай нәтижелерге қол жеткізді:

  • Білім беру қызметтерінен түсетін кірістің өсуі (мемлекеттік тапсырыс 15%-ға, ақылы қызметтер 5%-ға);
  • Алматы қ. ЖАО-мен жатақхана бөлу туралы мәселе шешілді;
  • Клиникалық базалар саны 80-нен 92-ге дейін өсті;
  • 150 шаршы метрге воркаут алаңы орнатылды;
  • Халықаралық мейіргерлер күніне арналған «Алматы қ. 2023 жылдың Үздік орта медицина қызметкері» өңірлік байқауы өткізілді;
  • Медициналық ұйымдар мен медициналық колледж студенттері арасында «Жүктілік кезіндегі Антенальды күтім. МСАК деңгейіндегі акушерлердің рөлі» Республикалық ғылыми-практикалық конференция өткізілді.
  • «Ана мен бала» VI Халықаралық-ғылыми білім беру форумы аясында «Мейіргерлік білім берудегі, ғылымдағы және практикадағы инновациялар» секциясы ұйымдастырылды және өткізілді.

Есеп соңында Жумахан Мукашович колледж ұжымына табысты атқарған жұмыстары үшін алғысын білдіріп, келесі жылы бұдан да жоғары көрсеткіштерді көрсетуге тілек білдірді.