kkruen
info@vmkalmaty.kz +7 (727) 387-10-11

«Өзін-өзі басқару күні»

2022 ж. 17 қараша — Халықаралық студенттер күні, осыған байланысты Алматы қ. ҚДБ ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжі» КМК-да «Өзін-өзі басқару күні» өткізілді. Белсенді студенттер колледждің барлық бөлімшелерінің әкімшілік-басқару жұмысына тартылды.

Студенттік өзін — өзі басқару — белсенді өмірлік ұстанымы бар жан-жақты дамыған, шығармашылық тұлғаны қалыптастыруға бағытталған тәрбие жұмыстардың бірі.

Өзін-өзі басқару күні студенттер колледждің әр түрлі құрылымдық бөлімшелерінің мамандарының дублеріне айналды, ағымдағы міндеттер мен мәселелерді шешіп, ұйымдастырушылық іс-шараларға қатысты, оқу процесінде және оқу орнындағы тәртіпті қадағалады.

Барлық студенттерді мерекемен құттықтаймыз! Сізге зор денсаулық, қажымас қайрат, талмас талап-жігер, сарқылмас өмірлік қуат пен амандықты, ең батыл жоспарлар мен табысты ойлардың жүзеге асуын тілейміз!