kkruen
info@vmkalmaty.kz +7 (727) 387-10-11

Біздің қызметкерлердің кәсібилігі

Улдан Аманхановна Тажиева — Алматы қ. ҚДБ ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжі» КМК №5 «Мейірбике ісі» циклдық әдістемелік комиссиясының оқытушысы «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісімен марапатталды. Марапаттау рәсімі 21 қазанда Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясында өткен Республика күніне арналған мерекелік концертте өтті. Іс-шараны Алматы қ. Медеу ауданының әкімдігі ұйымдастырды.

Осы күні, 21 қазанда, колледжімізде «Асқақтай бер, Айбынды Қазақстан!» атты салтанатты шара өтті. Колледж студенттері ұстаздарды Республика күнімен құттықтап, концерттік бағдарламамен өнер көрсетті.

  • №3 Клиникалық пәндер циклдік әдістемелік комиссиясының төрағасы Айнабек Тобықбайұлы Боранбаев ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің «Денсаулық сақтау саласындағы жемісті еңбегі және елдің денсаулық сақтау жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін, «Құрмет грамотасымен» марапатталды.
  • Оқу-әдістемелік орталығының Әдістемелік жұмыс жөніндегі бас маманы Меруерт Булатқызы Байдильдаева Алматы қ. Медеу ауданы әкімдігінен Алғыс хат алды.
Айнабек Тобықбайұлы мен Меруерт Булатқызы өз марапаттары мен құттықтауларын колледж директоры – Лязат Мейрашевна Актаеваның қолынан алды.

Құрметті Улдан Аманхановна Тажиева, Айнабек Тобықбайұлы және Меруерт Бутатқызы! Алматы қ. ҚДБ ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжі» КМК ұжымы Сіздерді еңбек белсенділіктеріңізге берілген жоғары бағамен құттықтайды. Сіздер Қазақстан денсаулық сақтау жүйесіне, медициналық білім беру сапасын арттыруға және медициналық кадрларды даярлауға зор үлес қостыңыздар. Сіздерге махаббат пен амандық, жақын адамдарыңыздың қолдауын тілейміз! Алда сіздерді оңай бағындырылатын биік шыңдар күтсін!