kkruen
info@vmkalmaty.kz +7 (727) 387-10-11

«Мейірбике ісі технологиялары: теория және тәжірибе» атты халықаралық қатысумен аймақтық ғылыми-тәжірибелік конференция

2022 жылдың 12 мамырында Алматы қ. ҚДБ ШЖҚ «Жоғары медициналық колледж» КМК-да Халықаралық медбике күніне ұйымдастырлыған «Мейірбике ісі технологиялары: теория және тәжірибе» атты халықаралық қатысумен аймақтық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Конференцияның мақсаты: денсаулық сақтау және білім беру ұйымдары қызметкерлерінің шығармашылық кәсіби қарым-қатынасы үшін алаң құру. Инновациялық білім беру технологияларын анықтау, кәсіби құзыретті маман сапасын арттыруға бағытталған практикалық сабақтардың рөлін күшейту.

Конференцияға Қазақстаннан, Ресей Федерациясынан, Беларусь, Литвадан 103 адам қатысты, олардың ішінде медбикелік қызметтің басшылары, практикалық медбикелер, медициналық жоғары оқу орындары мен колледждердің оқытушылары бар. Конференцияға қатысушылар Қазақстандағы мейірбике ісін дамытудың мәселелері мен перспективаларын талқылады. Конференцияның ғылыми-практикалық қорытындысы бойынша рұқсат жобасы дайындалды.