kkruen
info@vmkalmaty.kz +7 (727) 387-10-11

«Акушерлік, гинекология және перинаталогия ғылыми орталығы» АҚ өкілдерінің сапары

Бүгін біздің білім ошағымыздың қабырғалардында «Акушерлік, гинекология және перинатология ғылыми орталығы» АҚ директорлар Кеңесінің төрағасы Аманжолова Зауреш Джуманалиевна және «Акушерлік, гинекология және перинатология ғылыми орталығы» АҚ басқарма Төрағасы Мирзахметова Динара Досалыевна қонақта болды.

Қонақтар, симуляциялық технологиялар және кәсіби құзіреттер орталығын жоғары бағалап, ана мен бала орталығының кеңселеріне оң бағасын берді. Зауреш Джуманалиевна Алматы қ. ҚДБ ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжі» КМК ұжымын бәсекеге қабілетті түлектерді дайындау арқылы денсаулық сақтау жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін атап өтті және «Акушерия, гинекология және перинаталогия ғылыми орталығы» АҚ мамандарының қатысуымен мейірбикелер үшін мастер-класс өткізуді жоспарлады.