2021 жылдың 22 қарашасы күні Алматы қ. ДСБ ШЖҚ “Жоғары медициналық колледжі” КМК-да Қазақстан Республикасның Тұңғыш Президенті күніне орай, 1-4 курс студенттері арасында «Елін сүйген — Елі сүйген Елбасы!» тақырыбында ашық кураторлық сабақтары өтті.
Топ жетекшілері студентермен байланыса отырып Елбасының елі үшін сіңірген сара жолы жайлы мағлұматтарды талдады. Онлайн және оффлайн форматтарында өтілген сабақтар елге деген сүйіспеншілікті ояту мақсатында жасалды. Онымен қоса, студенттерге тәрбиелік ұғымды бойларына түйгізіп, елді емірене сүю үшін Тұңғыш Президенттің адал еңбекпен жеткен жетістіктері жайлы айтылды.
Елбасының елі үшін жасаған қадамдары мен бағдарламалары мәңгілік ел есінде. Тұңғыш Президент күні құтты болсын!