2021 жылдың 15 желтоқсаны күні Алматы қ., ҚДСБ ШЖҚ “Жоғары медициналық колледжі” КМК–ның ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерекесін тойлау аясында «Қасиетіңнен айналдым- Тәуелсіздік!» тақырыбында салтанатты іс-шара өтті.
Шара барысында Алматы қ. Білім басқармасының алғыс хатымен Асқарова Кенжегуль Исламжанқызы және Юсупова Назира Маусымханқызы марапатталса Қоғамдық денсаулық басқармасының алғыс хатымен Шарипбаева Асель Қайратқызы, Медеу ауданы әкімнің алғыс хатымен Адамсопы Толғанай Болатқызы және Қисанова Назым Көкенқызы марапатталды.
Онымен қоса, «Нұр Отан» партиясының алғыс хатымен Турлыбаева Гульнур Байзакқызы, Файзулина Дария Серикқызы, Қасымхан Еркебұлан Сейтханұлы және Алматы қаласы «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің алғыс хатымен Каштаева Шолпан Елемесқызы марапатталды.
Бұл біздің білім ордамыздың білікті мамандарының атқарған қызметтерінің бір бөлігі ғана болып табылады. Алған марапаттарымен құттықтай келе алдыға қойған мақсаттарыңыздың орындаулын тілейміз!
Еліміз тәуелсіздіктің бесігінде тербелгелі 30 жыл. Осы уақыт ішінде Қазақстан етек-жеңін жиып, шекарасын бекітіп, өз алдына дербес зайырлы ел болды. Бұл атадан келе жатқан ұлы жеңістің жемісі. Тұғыры биік Тәуелсіздігіміздің мерекесі баршаңызға құтты болсын!!!