kkruen
info@vmkalmaty.kz +7 (727) 387-10-11

«Кемеңгер Елбасы – ырысы елімнің!»

2021 жылдың 30 қарашасы күні Алматы қ. ДСБ ШЖҚ “Жоғары медициналық колледжі” КМК-да ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай «Кемеңгер Елбасы – ырысы елімнің!» атты аудандық салтанатты шарасы өтті. Бұл елеулі мереке Елбасымыз – Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына және мемлекетіне сіңірген орасан зор еңбегіне орай біздің тарапымыздан көрсетер құрмет болып табылады. Бұл шара елге деген сүйіспеншілікті ояту мақсатында жасалды.

Кеш қонақтары: Әли Арманұлы – Медеу аудандық «Nur Otan» партиялық филиалының жастар ісі жөніндегі төрағасы, Нұрғалым Нұрланұлы – «Nur Otan» партиясының бақылау комитетінің өкілі, Шегебаев Мақсат Талғатұлы – Медеу ауданы «Jas Otan» ЖҚ төрағасы.

БАҚ өкілдері: Айнара Ахатқызы – Республикалық «АЙНАРА.КЗ» журналының бас редакторы, Зарина Нариманқызы- Республикалық «Ұлан» газетінің редакторы, Бағдат Сұлтанқызы – Республикалық «Массагет» порталының редакторы.

Шара барысында Медеу ауданы «Jas Otan» ЖҚ төрағасы Шегебаев Мақсат Талғатұлы Жоғары Медициналық колледжінің «Jas Otan» ЖҚ төрағасы Балтабекұлы Ернұрды Медеу аудандық «Jas Otan» ЖҚ төраға орынбасары лауазымына сайлады. Студентімізді құттықтай келе, биік белестерді бағындыруды тілейміз!

Баршаңызды 1 желтоқсан ҚР Тұңғыш Президенті, Елбасы күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!