2025 жылғы 12 маусымда Алматы ҚДСБ ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжі» КМК-да медицина қызметкерлері күніне арналған мерекелік іс-шара өтті.
№ 3 “Клиникалық пәндер” ЦӘК оқытушылары өз әріптестері мен колледж әкімшілігі үшін музыкалық нөмірлер, театрлық қойылымдар, өлеңдер және тағы басқаларды қамтитын жарқын концерттік бағдарлама дайындады.
Қазіргі таңда беделді әрі сұранысқа ие медицина қызметкері мамандығынан артық адам өмірінде орын алатын мамандық әлемде жоқ шығар. Біздің колледж 44 жыл бойы Қазақстанның денсаулық сақтау саласы үшін орта буын медицина мамандарын дайындап келеді, өз жетістіктерімен мақтанады және әріптес оқытушыларымыздың адал еңбегін жоғары бағалайды.
Шара барысында әкімшілік ұжымы мен ұстаздар ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің, Алматы қаласы Медеу ауданы әкімдігінің, «AMANAT» партиясының және «АQNIET» кәсіподақ ұйымының жемісті еңбегі мен адал еңбегі үшін Құрмет грамоталарымен және алғыс хаттарымен марапатталды. Сондай-ақ «2025 жылдың Үздік оқытушысы» байқауының қорытындысы шығарылып, жеңімпаз болып «Мейіргер ісі» №5 ЦӘК оқытушысы Жумабаева Айжан Айнидинқызы атанды.
Колледж әкімшілігі барлық медицина қызметкерлерін, оқытушылар мен студенттерді Медицина қызметкерлері күнімен құттықтайды! Сіздерге зор денсаулық, бақыт және өркендеу тілейміз!