03.06.2025 ж. Алматы қ. ҚДСБ ШЖҚ “Жоғары медициналық колледжі” КМК-да 1-2 курс білім алушыларына арналып ұлы ақын Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толуына орай “Адамзаттың алыбы – Хәкім Абай” тақырыбында ашық тәрбие сағаты өткізілді.
Іс-шараның мақсаты: Абай Құнанбайұлының шығармашылық мұрасын дәріптеу (29.07.1845 — 23.06.1904); білім алушылардың қазақ әдебиетінен шығармаларды оқуға деген қызығушылығын қалыптастыру арқылы патриотизмге тәрбиелеу және ұлттық құндылықтарды дәріптеу.
Тәрбие сағатына білім алушылар әзірлеген өнерлері:” Қара сөздер”; М.Әуезовтің “Абай жолы”романы негізінде құрылған театрландырылған қойылымы; Абайдың “Желсіз түнде жарық ай “ әні; ұлттық би және күй.
Іс-шараға студенттер кеңесінің белсенділері, сондай-ақ “Мейіргер ісі” бөлімінің “СД 23-15”, “СД 24-13”, “МІ 24-7”, “МІ 24-8”, “МІ 24-11” топтары және “Зертханалық диагностика” бөлімінің Лаб 24-15” тобы қатысты.
Абайдың әдеби мұрасы-қазақ халқының ұлттық мақтанышы. Абай дәстүрін Ш.Құдайбердіұлы, С. Торайғыров, М. Жұмабаев сынды тұлғалар өздерінің әдеби шығармашылығында ары қарай дамытқан. Абай қалдырған әдеби мұра арқылы ХХ ғ. қазақ әдебиетінің М. Әуезов, С. Сейфуллин, Ғ. Мүсірепов, с. Мұқанов сияқты классиктері тәрбиеленген.
“Тек ақыл, ғылым, ерік, ар-ождан адамды биікке көтереді. Тек ақымақ қана басқаша көтеріле аламын деп ойлайды”, — Абай Құнанбайұлы.