kkruen
info@vmkalmaty.kz +7 (727) 387-10-11

«ҚР АПВ вакцинасы:адам папиллома вирусына қарсы» тақырыбында ақпараттық-ағартушылық дәрісі

2025 жылғы 16 мамырда Алматы қ. ҚДСБ ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжі» КМК-да «Қазақстандағы АПВ вакцинасы:адам папиллома вирусына қарсы» тақырыбында ақпараттық-ағартушылық дәріс өтті.

Іс-шара «Емдеу ісі», «Фармация», «Мейіргер ісі», «Акушерлік іс» мамандықтары бойынша 1-2-3 курс студенттері үшін ұйымдастырылды. Оның мақсаты: АПВ-инфекциясының алдын алу және онкологиялық аурулардың қаупін төмендетудегі вакцинацияның рөлі туралы хабардарлықты арттыру.

Дәрісті №3 ЦМК оқытушысы Зулпухаров Асатулла Жуманович өткізді. Дәріс барысында студенттерге адам папилломасы вирусының табиғаты, оның берілу жолдары, жұқтыру салдары, соның ішінде онкологиялық аурулардың дамуы туралы, сондай-ақ ҚР мемлекеттік вакцинация бағдарламасы жайында мәлімет берілді.

Студенттер белсенді түрде талқылауға қатысып, вакцина қауіпсіздігі мен жас ерекшеліктеріне байланысты сұрақтар қойды. Іс-шара соңында қатысушылар оның өзектілігі мен пайдалы болғанын атап өтті.

Бұл дәріс жастар арасында денсаулыққа жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыруға бағытталған ағартушылық науқанның бір бөлігі болды.