kkru
info@vmkalmaty.kz +7 (727) 387-10-11

«Мисс ВМК — 2025» байқауы

2025 жылдың 22 сәуірінде Алматы қ. ҚДСБ ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжінде» КМК-да дәстүрге айналған «Мисс ВМК — 2025» байқауы өтті.

«Мисс ВМК — 2025» байқауының мақсаты – студенттердің шығармашылық қабілеттерін дамыту, белсенді студенттік өмірді насихаттау.

Байқауға қатысушы арулар келесі кезеңдер бойынша бақ сынады:
— Визит карточкасы;
— Шығармашылық нөмір;
— Дефиле;
— Зияткерлік байқау;
— Аспаздық сайыс.

Байқауға қатысқан арулар барлық сыннан сүрінбей өтіп, ерекше өнерлерімен, тамаша стилімен және дәмді тағамдарымен таңғалдырды!

«Мисс ВМК — 2025» байқауына қатысқан барлық қыздар жеңіске лайық болды, алайда қазылар алқасы өз таңдауын жасауға мәжбүр болды. Байқау нәтижелері төмендегідей:

🎤 «Күміс көмей – жез таңдай» – Жаркын Алтынай («МІ 24-8» тобы, «Мейіргер ісі» бөлімшесі);
👗 «Сәнқой ару» – Досымбай Динара («ЕІ 24-3» тобы, «Емдеу ісі» бөлімшесі);
🧠 «Ақылына көркі сай» – Амиртай Енлик («МІ 24-11» тобы, «Мейіргер ісі» бөлімшесі);
👀 «Көрермен көзайымы» – Серик Камила («МІ 24-6» тобы, «Мейіргер ісі» бөлімшесі).

🏆 Гран-при – Жунсалиева Гульназ («МІ 24-9» тобы, «Мейіргер ісі» бөлімшесі);
🥇 I орын – Өскенбай Айғаным («ЕІ 24-1» тобы, «Емдеу ісі» бөлімшесі);
🥈 II орын – Байжомарт Жанселя («ЛД 24-2» тобы, «Емдеу ісі» бөлімшесі) және Әсет Әсем («ЕІ 24-4» тобы, «Емдеу ісі» бөлімшесі);
🥉 III орын – Айдосқызы Іңкәр («ЕІ 24-5» тобы, «Емдеу ісі» бөлімшесі), Махамбетиярова Айша («МІ 24-7» тобы, «Мейіргер ісі» бөлімшесі), Байзакова Разия («МІ 24-10» тобы, «Мейіргер ісі» бөлімшесі).

Біз байқауға қатысқан барлық аруларды құттықтаймыз! Көрермендерге сыйлаған жарқын әрі жағымды эмоциялар үшін алғыс айтамыз!