26.02.2025 ж. Алматы қ. ҚДСБ ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжі» КМК-да білім алушыларымен «Құқық бұзушылықтың алдын алу», «Буллинг және кибербуллинг», «Нашақорлықтың зияны және оның салдары» тақырыптарында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Іс-шараны Алматы қ. Медеу ауданы Ювеналды полицияның бастығы, майор А.М. Нургалиева және Алматы қ. Медеу ауданы Ювеналды полицияның аға лейтенанты Д.С. Отар өткізді.
Іс-шараның мақсаты: білім алушылар арасында құқықтық сауаттылықты арттыру.
Іс-шара барысында білім алушыларға құқықтық тәртіпті бұзудың салдары, сондай-ақ буллинг пен кибербуллингке қарсы күрес шаралары туралы ақпарат берілді. Студенттерге қоғамдық пайдалану орындарының ластануы, бөтеннің мүлкінің бүлінуі және т.б. үшін әкімшілік жауапкершілік туралы айтылды; есірткінің адамның физикалық және психикалық денсаулығына зияны туралы мәліметтерді қамтитын бейнероликтер көрсетілді; сондай-ақ есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу үшін қылмыстық жауаптылық туралы бейнероликтерде көрсетілді.
Мұндай кездесулер жастар арасында құқықтық мәдениетті қалыптастырудағы, олардың құқықтық сауаттылығын арттырудағы маңызды қадам болып табылады.