kkru
info@vmkalmaty.kz +7 (727) 387-10-11

Колледж кітапханасында оқулықтардың жаңа түсімдерінің көрмесі

2025 жылғы 21 ақпанда Алматы қ. ҚДCБ ШЖҚ “Жоғары медициналық колледжі” КМК кітапханасында оқулықтардың жаңа түсімдерінің көрмесі ұйымдастырылды.

Тұсаукесер аясында білім алушылар мен оқытушылар кітапхана қорына түскен жаңа кітаптармен танысты. Оқу құралдарының авторлары, колледж оқытушылары әріптестері мен білім алушыларды оқу ресурстарымен таныстырып, қызықтырған сұрақтарға жауап берді.

Көрмеге Абылова Н.К., Омашбекова Г.А. “Балалар аурулары”; Кленина Т. В., Карбаева М. “Медициналық колледждерге арналған латын тілі”; Джумагулова И.М., Боранбай Қ.Б., Амрина Г.А. “Кәсіби шет тілі” оқулықтары қойылды. Кітапханаға барлығы 2 785 дана жаңа басылымдардың 49 атауы келіп түсті.

Көрме 21-28 ақпан аралығында жалғасады. Барлық білім алушылар мен оқытушыларды біздің кітапханаға келіп, жаңа оқулықтармен танысуға шақырамыз.