kkru
info@vmkalmaty.kz +7 (727) 387-10-11

«Ауғанстанның отты жалыны» тақырыбында кездесу

18.02.2025 ж. Алматы қ. ҚДСБ ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжі» КМК-да Ауған соғысының ардагерлерімен «Ауғанстанның отты жалыны» тақырыбында кездесу өтті.

Мақсаты: (1979-1989 жж.) Ауған соғысының интернационалист-жауынгерлерінің тарихи фактілерін ашу; өскелең ұрпақты патриотизмге, парыз және жауапкершілік сезіміне тәрбиелеу.

Кездесу қонақтары:
— Абдушкуров М.М. — Алматы қ. Ауғанстан ардагерлер одағының төрағасы;
— Ефименко С.Н. — Алматы қ. Медеу ауданы Ауған соғысы ардагерлері мен мүгедектері одағының төрағасы.

Кездесу диалог түрінде өтті. Биыл біз Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 36 жыл толуын атап өтудеміз. Шақырылған ардагерлер Кеңес әскерлерінің Ауған қақтығысын шешудегі негізгі кезеңдері мен рөлі, КСРО сарбаздары арасында болған құрбандықтар туралы айтты. Қазақстандықтар Кеңес әскери контингенті құрамында ауған әскери қақтығысына қатысты. 1979-1989 жылдар аралығында Ауғанстанға интернационалдық борышын өтеуге жіберілген Қазақ КСР әскери қызметшілерінің саны 21 239 адамды құрады, оның ішінде 947 адам қаза тауып, 1 770 адам жарақат алды.

Кездесу соңында биылғы жылы Ұлы Отан соғысы Жеңісісінің 80 жылдығын мерекелеу құрметіне шақырылған ардагерлер колледждің кітапхана қорына ҰОС қазақстандықтардың батырлық туралы баяндайтын «Пламя Победы» үш томдығын ұсынды.

Ауған соғысы туралы естелік тек сандар мен күндер ғана емес, біздің жүрегімізде мәңгі қалатын адамдардың тағдыры.