2025 жылдың 23 қаңтарында Алматы қ. ҚДСБ ШЖҚ «Жоғары медициналық колледж» КМК мұғалімдердің кәсіби деңгейін арттыру, үздік педагогикалық тәжірибені анықтау және насихаттау, педагогикалық құрамның портфолиосын кеңейтуге жағдай жасау мақсатында «Мейіргер ісі мамандарын даярлауда тиімді білім беру ортасын құрудағы мұғалімнің рөлі» тақырыбында Педагогикалық оқулар өткізілді.
Педагогикалық оқуларға 33 оқытушы қатысты. Шара барысында колледж оқытушыларының біліктілігі жоғары, бәсекеге қабілетті мамандарды даярлауда қолданатын инновациялық технологиялары, әдіс-тәсілдері талқыланды. Қатысушылардың үздік баяндамалары дипломдармен және сертификаттармен марапатталды. Жеңімпаздар Қалалық педагогикалық оқуларға қатысуға ұсынылатын болады.