16.01.2025 ж. “Әдістемелік десант” қалалық жобасы аясында Алматы қ. ҚДСБ ШЖҚ “Жоғары медициналық колледжі” КМК-ға жұмыс сапарымен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының өкілдері келді, олардың арасында:
- Анаятова Ирина Викторовна – Алматы қ. Білім басқармасының “Туризм және қонақжайлылық индустриясы колледжі” КМҚК директорының ғылыми және оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары;
- Кансарбаев Асланбек Корганбекович – Алматы қ. Білім басқармасының Туризм және қонақжайлылық индустриясы колледжі” КМҚК директорының тәрбие жөніндегі орынбасары;
- Нурмолданова Гульнара Айдаркуловна – Алматы қ. Білім басқармасының “Алматы технологиялық колледжі” КМҚК директорының оқу жөніндегі орынбасары.
- Шарипов Турарбек Нурлыбекович – Алматы қ. Білім басқармасының “Алматы энергетика және электрондық технологиялар колледжі” КМҚК директорының оқу-өндірістік жұмыс жөніндегі орынбасары.
Жобаның мақсаты: оқу үдерісі мен әдістемелік жұмыстың тиімділігіне мониторинг жүргізу.
Жұмыс тобы колледждің ұйымдастырушылық құрылымымен және дамуының негізгі стратегиялық бағыттарымен танысты, оқу кабинеттерін, сондай-ақ симуляциялық технологиялар және кәсіби құзыреттілік орталығын қарады. Біздің әріптестерімізге: оқу құжаттамасы; колледжде оқу, жұмыс процесін автоматтандыру үшін пайдаланылатын “Platonus” және “Documentolog” автоматтандырылған ақпараттық жүйелері көрсетілді.
Кездесу соңында жұмыс тобы консультативтік-әдістемелік ұсыныстар берді. “Әдістемелік десант” жобасын іске асыру кәсіби тәжірибе алмасуға, күнделікті міндеттерді шешуде жаңа және стандартты емес идеяларды іздеуге тамаша мүмкіндік болды.








