kkruen
info@vmkalmaty.kz +7 (727) 387-10-11

«ЖИТС – өлім қақпаны» тақырыбында дәріс

29.11.2024 ж. Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне орай Алматы қ. ҚДСБ ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжі» КМК-ның 1-2 курс студенттеріне «ЖИТС – өлім қақпаны» тақырыбында дәріс өткізілді.

Мақсаты: студенттердің АИТВ/ЖИТС мәселесі туралы ақпараттандыру деңгейін арттыру, АИТВ инфекциясының таралу жолдары мен алдын алу шаралары туралы білім беру; денсаулыққа саналы және жауапты көзқарасты тәрбиелеу.

Шақырылған лекторлар:
— Шолпан Сейтбеділқызы – Алматы қ. ҚДСБ ШЖҚ «ЖИТС алдын алу және оған қарсы күрес орталығы» МКК дәрігері;
— Ильясова Г.Б. – Алматы қ. Жастар саясатын дамыту мемлекеттік қорының «Отбасы» ДО орталығының тренері, психолог-кеңесшісі.

Лекторлар студенттерге аурумен күресудің қазіргі заманғы әдістері мен ерте диагностика жүргізудің маңыздылығы туралы жан-жақты түсіндірді. Студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, кәсіби жауап алды.

Салауатты өмір салтын ұстану, спортпен айналысу, білім алу – қазіргі жастардың басты басымдықтары. АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу туралы білім жас ұрпаққа болашақта табысты әрі толыққанды өмір сүруіне көмектеседі.