kkru
info@vmkalmaty.kz +7 (727) 387-10-11

«Менің елім — Қазақстаным!» тақырыбында мерекелік концерт

24.10.2024 ж. Алматы қ. ҚДСБ ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжі» КМК–да Республика күні қарсаңында Студенттер кеңесінің белсенділері ұйымдастырған «Менің елім — Қазақстаным!» тақырыбында мерекелік концерт өтті.

Концерттік бағдарламада білімгерлер ән айтып, күй тартып, би билеп, өлеңдер оқып өз өнерлерін көрсетті. Іс-шаралада №3 ЦӘК «Клиникалық пәндер» оқытушы А.М. Шинибаева ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен марапатталды. Колледждің қоғамдық өміріне белсенді қатысқаны үшін Әбдірәсіл А.Н., Әбдірәшім Ж.Ә., Турлыбаева Г.Б., Қасымхан Е.С. «AQNIET» кәсіподақ комитетінің грамоталарымен марапатталды.

Колледж әкімшілігі атынан Студенттік кеңестің шығармашылық бөлімінің студенттері мен басшыларына іс-шараны осындай жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін Алғыс білдіреміз.

Сіздерді келе жатқан мереке — Республика күнімен құттықтаймыз!