12.12.2023 ж. Алматы қ. ҚДБ ШЖҚ Жоғары медициналық колледжі КМК «Мейіргер ісі» мамандығы, «Жалпы тәжірибедегі мейіргер» біліктілігі бойынша 3 және 4-курс студенттері арасында «Үздік мейіргер» кәсіби байқауы өткізілді.
Байқауды ұйымдастырушылар: №5 ЦӘК «Мейіргер ісі» оқытушылары. Кәсіби байқаудың негізгі мақсаты: студенттерді даярлаудағы оқыту сапасын бағалау және оны одан әрі жетілдіру.
Байқау 4 кезеңнен тұрды:
— Тестілеу;
— Өзін-өзі таныстыру видеопрезентациясы;
— Көктамырға инъекция орындау техникасы;
— Х тапсырма.
Қазылар алқасының мүшелері:
— Мусина Г.А. — Алматы қ. ҚДСБ ШЖҚ “№ 4 Қалалық клиникалық аурухана” КМК бас мейіргері;
— Турсунова Г.Б. — Алматы қ. ҚДСБ ШЖҚ “Алматы онкологиялық орталығы” КМК бас мейіргері;
— Амрина Г.А. — Ғылыми-әдістемелік бөлімінің басшысы;
— Еркінов Қ.Е. — Кәсіптік оқыту және жұмысқа орналастыру бөлімнің меңгерушісі;
— Бектасова Ж.Е. — № 5 ЦӘК төрайымы;
— Шинибаева А.А. — № 3 ЦӘК аға оқытушысы;
— Ибраимова Ж.Д. — № 5 ЦӘК оқытушысы.
Төрт кезеңнің нәтижелері бойынша жүлделі орындар:
— І Дәрежелі диплом «Үздік мейіргер» — Жумаш Қарлығаш;
— ІІ Дәрежелі диплом — Әшімбек Аяулым;
— ІІІ Дәрежелі диплом — Көкенәлі Айтолқын;
— «Парасатты мейіргер» номинациясы — Мейірханқызы Гүлімай;
— «Ең креативті мейіргер» номинациясы — Төлепбаева Айгерім;
— «Коммуникативті мейіргер» номинациясы — Саматқызы Аяжан;
— «Көрермен көзаймы номинациясы» номинациясы — Орынбаева Нұрай.