25.05.2023 ж. Қостанай облысы әкімдігі ДСБ «Қостанай жоғары медициналық колледжі» КМК ұйымдастырған «Үздік акушер — 2023» республикалық кәсіби байқауының қорытындысы шығарылды.
Байқаудың мақсаты: білім алушылардың кәсіби даярлығының сапасын анықтау. Байқау үш кезеңнен тұрды:
I Кезең — қатысушылар «Акушерлік агрессия» тақырыбында эссе жазды,
II Кезең — бейнеролик дайындады;
III кезең — «Қазақстан Республикасындағы отбасын жоспарлау» тақырыбындағы буклеттер байқауы.
Алматы қ. ҚДБ ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжі» КМК атынан конкурсқа «Акушерлік ісі» мамандығының 2 курс студенті Несіпқұл Сабина қатысты. Сабинаның байқау жұмыстарын қазылар алқасы бағалап, 2 орын Дипломымен марапаттады.
Несіпқұл Сабина мен оның ғылыми жетекшісі Шинибаева Айбарша Амекқызын құттықтаймыз! Сіздерге сәттілік пен шығармашылық жеңістер тілейміз!